«Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі тілдерді дамыту мен қолдану жұмыстарының қорытынды анықтамасы. » Қызыашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі тілдерді дамыту мен қолдану жұмыстарының қорытынды анықтамасы.
21
август
2023

«Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі тілдерді дамыту мен қолдану жұмыстарының қорытынды анықтамасы.

«Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі тілдерді дамыту мен қолдану жұмыстарының қорытынды анықтамасы.


Мектеп директоры Т.Көкебаевтывң 05.01.2023 жылғы «Қазақстан Республикасы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегі Қызылащы орта мектебінің 2020-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» №10-Ө бұйрығы негізінде Тілдерді дамыту мен қолдану жұмыстарының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оны іске асыру жөніндегі жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылға арналған тілдік іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

Мектеп директорының 05.01.2022 жылғы №10-ө бұйрығы негізінде әкімшілік тарапынан тілге жауапты маман ретінде Г.Абдигапароваға жүктелген. Мектептегі іс-құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ресми құжаттар, бұйрықтар, сұраныс, өтініштер қазақ тілінде жүргізіледі. Мектеп ұжымы, оқушылар, шағын орталық тәрбиеленушілері ауызекі тілде қазақ тілінде сөйлеседі. Барлық пәндер, факультатив, таңдау пәні, үйірмелер мемлекеттік тілдің оқытылады.

Мектепшілік №-222- Ө бұйрығы негізінде 06.09-16.09 аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғылым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты  онкүндігінің жоспары құрылып, бекітілді. «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты ьіл мерекесінің онкүндігінің ашылуын тілдер пәнінің мұғалімдері оқушылармен бірігіп, өздерінің құттықтауларымен видеороликтер арқылы ашып берді. 08.09.2022 жылы   1-4 сыныптар арасында «Тілден терең теңіз жоқ» атты мақал- мәтел сайысы ұйымдастырылды.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.Онкүндік жоспары негізінде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Т.Қариеваның жетекшілігімен ҚР Рәміздерінің   30 жылдығына орай суреттер көрмесін өткізді. Сурет көрмесінің қорытындысы шығарылды, үздік деп танылған суреттер мақтау қағазымен марапатталды. Мектеп кітапханашысы Г.Отешованың ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»  атты кітапхана көрмесі болып өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу жылдамдығын тексеру барысынды 1-4  сынып оқушыларының оқу техникасының жылдамдығы тексерілді. Нәтижесінде оқу жылдамдығының нормасын орындап отырған 3-4 сынып оқушылары. Тіл мерекесіне орай тіл мамандарының ашық сабақтары өтіліп, сабақ жоспарлары іс-шара жұмысының жинақ папкасына тігілді. Онкүндік жоспары негізінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге 7-8 сынып оқушыларымен өткізді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Тіл мәртебесі» тақырыбында болды. Тіл мерекесіне орай өткізілген іс – шаралар барысы туралы әлуметтік желіге жарияланды. 

    Пәндер олимпиадасына қазақ тілінен 2 оқушы, орыс тілінен 2 оқушы, ағылшын тілінен 1 оқушы қатысты. Олар:

2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік пәндер олимпиадасына қатысқан  оқушылар тізімі

Қазақ тілі               

Р/с

Аты – жөні

Сыныбы

1

1

Әскербек Шынар

10-сынып

2

2

Ашылғазы Аружан

10-сынып

Орыс  тілі

Р/с

Аты – жөні

Сыныбы

3

1

Жұмағазы Алтынай

10-сынып

4

2

Шаймарданов Ердаулет

10-сынып

Ағылшын тілі

Р/с

Аты – жөні

Сыныбы

5

1

Болатхан Меруерт

11 сынып










Мектептегі тіл пәндері бойынша мониторинг жүргізілді.

ҚР Заңының және «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы» бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат уақытында беріліп отырды. Қорыта келе мектепішілік Тілдерді дамыту мен қолдану жұмыстарының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оны іске асыру жөніндегі 2022 жылға арналған тілдік іс-шаралар жоспар бойынша өтілді. Алдағы уақытта 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары дайындалуда.