«Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылына арналған өзін – өзі талдауы
«Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылына арналған өзін – өзі талдауы
2022-2023 оқу жылының 1-11 сынып оқушылары 269 оқушымен аяқтадық. Білім сапасы – 64,5 пайыз. 69 үздік оқушы, 91 екпінді оқушы бар.
Сыныбы | Оқушы саны | 5 | 4 | Сапа |
1 | 21 | |||
2 | 29 | 11 | 8 | 65,5 |
3 | 26 | 5 | 11 | 61,5 |
4 | 31 | 11 | 7 | 60 |
5 | 24 | 6 | 11 | 70,8 |
6 | 28 | 6 | 12 | 64,3 |
7 | 34 | 9 | 11 | 58,8 |
8 | 30 | 10 | 9 | 63,3 |
9 | 15 | 3 | 6 | 60 |
10 | 19 | 5 | 9 | 66,7 |
11 | 12 | 3 | 7 | 83,3 |
Барлығы | 269 | 69 | 91 | 64,5 |
Дарынды оқушылар бойынша:
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасына 5-6 сынып оқушыларынан мектепішілік кезеңіне 5-сыныптан 1 оқушы және 6-сыныптан 4 оқушы қатысқан болатын. Нәтижесінде аудандық кезеңге 5-сыныптан 1 оқушы, 6-сыныптан 3 оқушы қатыстырылды. Пән мұғалімі Айнабекова Г.М.
5-6 сынып оқушылары арасында өткен пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 22 оқушы қатысып, аудандық кезеңге 9 оқушы жіберілді. Нәтижесінде оқушы жүлделі орындар алды.
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Пәні | Пән мұғалімі | Орыны |
1 | Тлеубекұлы Елдос | 5 | Жаратылыстану | М.Тортаева | ІІ орын |
2 | Молдаш Ақтілек | 5 | Ағылшын тілі | С.Сейтжанова | ІІІ орын |
3 | Нұрмұханбет Нұрәли | 5 | Математика | Г.Айнабекова | ІІІ орын |
4 | Шерияздан Іңкәр | 6 | Орыс тілі | Г.Жанадилова | |
5 | Келіс Мейірім | 6 | Қазақстан тарихы | М.Турежанова | |
6 | Болатқан Мансұр | 6 | Ағылшын тілі | Қ.Ахметқызы | ІІІ орын |
7 | Беделхан Шұғыла | 6 | Жаратылыстану | Б.Айнабекова | |
8 | Мерекенова Мейірім | 6 | Қазақ тілі мен әдебиеті | А.Сыбайбаева | ІІ Орын |
9 | Әмір Айдана | 6 | Математика | Г.Айнабекова | ІІ орын |
Мектепішілік пәндер олимпиадасына 8-11 сыныптардан 23 оқушы қатысты.
2022-2023 оқу жылында мектепішілік пәндер олимпиадасының қорытындысы негізінде І орын алған 8 оқушының жұмысы аудандық пәндер олимпиадасының іріктеу турына ұсынылды. Олар:
№ | Оқушының аты-жөні | Пәні | Сыныбы | Жетекші мұғалім |
1 | Болатхан Меруерт | Ағылшын тілі | 11-сынып | Жанатқызы Назым |
2 | Кәрім Диана | Құқық негіздері | 9-сынып | Дүйсенбаева Клара |
3 | Қабақай Айзада | Қазақстан тарихы | 10-сынып | Төрежан Қайрат |
4 | Әбдікен Айжан | Математика | 10-сынып | Айнабекова Гулнар |
5 | Құсман Гулнур | Математика | 10-сынып | Айнабекова Гулнар |
6 | Тлеубекқызы Жансая | Биология | 9-сынып | Айнабекова Бақытжан |
7 | Ығымаран Аяжан | Биология | 11-сынып | Тумабекова Айгул |
8 | Арыстанбек Мейрамбек | География | 9-сынып | Тортаева Мөлдір |
Дарынды оқушылар бойынша Қызылащы орта мектебінде 30.11.2022 ж аудандық білім бөлімінің 14.1.2022ж №743-ө бұйрығы, мектеп директорының 28.11.2022ж №420-ө бұйрығы негізінде мектепішілік пәндер олимпиадасы ұйымдастырылды. Пәндер олимпиадасына арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Олимпиада бұрышы ұйымдастырылды. Пәндер олимпиадасының комиссиясы құрылды. Пәндер олимпиадасының ашылуына байланысты сағат 8.30-да салтанатты жиын өткізілді. Мектепшілік пәндер олимпиадасы ережелер мен негізгі талаптарға сай жүргізілді. Олимпиада тапсырмалары бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. Пәндер олимпиадасына жалпы мектеп бойынша 23 оқушы қатысты.
Әр пән бойынша мектепішілік пәндер олимпиадасы комиссиясының отырысының хаттамалары жазылып, қорытындысы шығарылды. Оқушы жұмыстары жинақталды.
2022-2023 оқу жылында мектепішілік пәндер олимпиадасының қорытындысы негізінде І орын алған оқушының жұмысы аудандық пәндер олимпиадасының іріктеу турына ұсынылды. Олар:
№ | Оқушының аты-жөні | Пәні | Сыныбы | Жетекші мұғалім | Орыны |
1 | Болатхан Меруерт | Ағылшын тілі | 11-сынып | Жанатқызы Назым | ІІІ орын |
2 | Кәрім Диана | Құқық негіздері | 9-сынып | Дүйсенбаева Клара | ІІ орын |
3 | Қабақай Айзада | Қазақстан тарихы | 10-сынып | Төрежан Қайрат | ІІ орын |
4 | Әбдікен Айжан | Математика | 10-сынып | Айнабекова Гулнар | ІІІ орын |
5 | Тлеубекқызы Жансая | Биология | 9-сынып | Айнабекова Бақытжан | І орын |
6 | Ығымаран Аяжан | Биология | 11-сынып | Тумабекова Айгул | ІІ орын |
«Жарқын болашақ» олимпиадасына 3 оқушы қатысып, нәтижесінде 7-сынып оқушысы Насриддин Кәусар «Сөз шебері» номинациясы бойынша 3 орын, Бақытбек Дария «Жас қаламгер» номинациясы бойынша 3 орын иеленді. Аудандық 2-4, 7,8 сыныптар олимпиадасына оқушы қатысып, нәтижесінде 2-сынып оқушысы Ермек Ақбота жаратылыстану пәні бойынша 3 орын, пән мұғалімі – Рысбек Торғын, 4-сынып оқушылары Қали Омар математика пәні бойынша ІІ орын, Төребай Әсел қазақ тілі пәні бойынша 2 орын, пән мұғалімдері – Шортанбаева Жанна. Қазақ тілі пәні бойынша 7-сынып оқушысы Төлеухан Әсел, 3 орын, пән мұғалімі Қонысбаева Балжан, химия пәнінен 8-сынып оқушысы Тойбек Ақерке ІІІ орын, пән мұғалімі Байдилдаева Назгул, математика пәнінен 8-сынып оқушысы Әбдікен Маржан ІІ орын, пән мұғалімі Сарымсакова Нургул, география пәнінен Тұрарбай Батыржан ІІІ орын, пән мұғалімі Тортаева Мөлдір, ағылшын тілі пәнінен Қанағат Алуа ІІІ орын, пән мұғалімі Асқарқызы Гулмира,
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ» ҚР білім беру ұйымдарындағы дарынды балалардың республикалық энциклопедиясына 10-сынып оқушысы Құсман Гулнур кірді. Дарындылығы үші оқушы, пән мұғалімі Сарымсакова Нургул, ұйымдастырғаны үшін оқу ісі жөніндегі орынбасар Г.Жаксыбаева, тәрбиелегені үшін ата-анасы алғыс хатпен марапатталды.
Пән олимпиадасында облыстық деңгейге дейін көтттерілген биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Тлеубекқызы Жансая белсенділік танытқаны үшін алғыс хат берілді.
«Лингвист» байқауына онлайн тапсырмалар орындап, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тариз, биология, география пәндерінен оқушылар қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Үздік аттестатқа 9-сынып оқушылары Тлеубекқызы Жансая, Кәрім Диана ұсынылды. 11-сыныптардан үздік оқып келе жатқан 2 оқушы ұсынылып отыр. Олар: Болаткан Меруерт, Ығымаран Аяжан.
Білім жетілдіру курстары бойынша:
Ағылшын тілі пәні бойынша Ахметқызы Құралай, Жанатқызы Назым, бастауыш сынып мұғалімі Сыбайбаева Забира, география пәні мұғалімі Тортаева Мөлдір, Математика пәні бойынша Сарымсакова Нургул.
20.02.2023-03.03.2023 ж аралығында Талдықорған қаласына «Мектептегі ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті сабағы:басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 120 сағаттық біліктілігін арттыру курсынан ағылшын тілі пәні мұғалімі Сейтжанова Слушаш өтті.
Озат тәжірибе тарату жұмыстары бойынша:
«Биохимия және тіршілік» тақырыбында 10-сыныпқа арналған қолданбалы курс авторлық бағдарламасы шықты. Пән мұғалімі Б.М.Айнабекова. «Көшпенділер мәдениеті» тақырыбында 6-сыныпқа арналған М.А.Турежанованың және де 9-сыныпқа арналған«Этносаралық қатынастың қалыптасуы» тақырыбында Қ.А.Төрежанның авторлық бағдарламалары жарық көрді.
Өзара тәжірибе алмасу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Рысбек Торғын «Кері байланыс – ынталандырушы құрал» тақырыбында сабақты талдау, кері байланыс, бағалау түрлері бойынша өткен аудандық семинарда таныстырылым жасады.