9-11сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау жұмыстары, 5-8 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру емтиханын ұйымдастыру туралы. » Қызыашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9-11сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау жұмыстары, 5-8 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру емтиханын ұйымдастыру туралы.
21
август
2023

9-11сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау жұмыстары, 5-8 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру емтиханын ұйымдастыру туралы.

9-11сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау жұмыстары, 5-8 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру емтиханын ұйымдастыру туралы.


ҚР білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі» бұйрығына, Алматы облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 21 қаңтардағы №18-н бұйрығына, аудандық білі бөлімінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы №36-ө бұйрығы негізінде мектепте қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін  комиссия төмендегі құрамда құрылды.

1) Көкебаев Талғат Торебаевич  мектеп директоры міндетін атқарушы – комиссия төрағасы

2)Жаксыбаева Гульнар Баубериковна – оқу ісі жөніндегі орынбасар

3)Тортаева Молдир Шапаевна- география пәні мұғалімі

4)Дүйсенбаева Клара Адилхановна – бірлестік жетекшісі

5)Тумабекова Айгул Алиаскаровна – бірлестік жетекшісі

 Комиссия мүшелері келесі іс-шараларды жүзеге асырады. Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу жұмыстары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліледі. Қорытынды аттестаттау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Аппелияцияға түскен ұсыныстардың негізділігіне қарап, нақты шешім қабылдайды.

  1. 9-сыныпта білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай сабақтардан  тапсырады:

1)Қазақ тілінен оқытатын мектепте орыс тілінен ауызша емтихан;

2)ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

3)математикадан жазбаша емтихан .

11- сынып оқушылары қорытынды аттестаттауды мынадай пәндерден тапсырады.

1)ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

2) қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу 

 3) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан 

4) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан 

       5-8, 10- сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа емтихансыз  өткізіледі.


Pisa зерттеу жұмыстары бойынша:

2022-2023 оқу жылында Pisa зерттеу жұмыстарына косымша тізімдегі мектептер қатарында болдық. Pisa зерттеу жұмыстары бойынша мектеп бойынша 12 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың 6 мұғалім білім жетілдіру курстарынан өткен. Мұғалімдермен Pisa зерттеу жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдер оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Әдістемеллік жұмыстар бойынша:


2022-2023 оқу жылындағы оқу үрдісін тиімді, сапалы ұйымдастыру үшін әдістемелік кеңес құрамына төмендегі мұғалімдер ұсынылған:

             Әдістемелік кеңестің құрамы және бірлестік жетекшілері:

             Төрайымы – Р.Нургалиева

             Орынбасары – Г.Жаксыбаева

            Хатшысы – Ж.Қайынбаева 

Әдістемелік жұмыстың келелі мәселесі:

“Білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды игерту арқылы білім қызметкерлерін басқару мен оқытуда кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек көрсету


Мақсаты: Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлату


Міндеттері: 


1.Білім берудегі  педагогикалық технологияларды меңгеруде педагогтердің 

    әдістемелік деңгейін жетілдіру

2. Интеллектуалдық қабілеттері жоғары оқушылармен жұмыс жасауды 

    жүйелендіру

3. Алдыңғы қатарлы, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату 

     жұмысын жалғастыру

4. Педагогикалық ұжымның дамуына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру

5. Мұғалімнің жұмысына көмек көрсету мақсатында қажетті ақпараттық 

    материалдарды толықтыру.


Атқарылатын жұмыстардың бағыттары:


- Педагогикалық – ұйымдастыру жұмыстары.Әдістемелік кеңес отырыстары.

- Пән мұғалімдерімен жұмыс

- Педагогикалық шеберлікті жоғарлату жұмыстары

- Мұғалімдердің біліктіліктерін  көтеру жұмыстары

- Мұғалімнің бақылау-бағалау қызметі

- Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар

- Бақылау. Нәтиже сараптамасы

- Жас мамандармен және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс

- Әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету

- Педагогикалық кадрлармен жұмыс

- Әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің жұмысы