2022-2023 оқу жылындағы пән бірлестік жетекшілерін бекіту
2022-2023 оқу жылындағы пән бірлестік жетекшілерін бекіту
2022-2023 оқу жылында оқу үрдісінде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін 5 әдістемелік бірлестік құрылды.
Жаратылыстану пәндері бірлестік жетекшісі – Тұмабекова Айүл
Қоғамдық-гуманитарлық пәндері бірлестік жетекшісі – Дүйсенбаева Клара
Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі – Рысбек Торғын
Эстетикалық пәндер бірлестік жетекшісі – Мусумбаева Алмаүл.
Мектепке дейінгі білім беру бірлестігі жетекшісі – Жикенова Куат
Бірлестік жетекшілері бірлестік отырысын өткізіп, пәндік күнтізбелік жоспарды талқылап бекіту, жылдық жұмыс жоспарын таныстыру жұмыстары, онкүндіктер мен апталықтарды ұйымдастыру, пәндік олимпиадаларға оқушыларды қатыстыру жүктелген.
Пән онкүндіктері мен апталықтарының өтілу кестесі
Р/с | Пән бірлестігі | Өтілетін уақыты | Бірлестік жетекшілері |
1 | Бастауыш сынып бірлестігі | 14.11 – 18.11.2022 ж. | Рысбек Торғын |
2 | Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі | 28.11-07.12.2022 ж | Дүйсенбаева Клара |
3 | Жаратылыстану-математикалық бірлестігі | 16.01 -25.01.2023ж | Тұмабекова Айгүл |
4 | Эстетикалық пән бірлестігі | 30.01.– 03.02.2023ж | Мусумбаева Алмагүл |
5 | Мектепке дейінгі білім беру бірлестігі | 13.02 – 17.02.2023ж | Жикенова Куат |
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Тамыз айында бірлестік отырысы болды. Онда әдістемелік бірлестіктің өткен жылғы жұмысына талдау жасалды. Әр сынып жетекшілері биылғы оқу жылының оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік жоспары және жаңа оқу жылына жұмыс жоспары қарастырылып бекітілді. Оқушылар барлық сыныптарда 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша сынып жетекшілер жұмыстанды. Бастауыш сынып оқушыларынан 20 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектепке келген жалпыға бірдей әлеуметтік киім-кишекпен аз қамтылған, көп балалы отбасыларға берілді. Сол сияқты қосымша сабақтар жоспарланды, бекітілді. Қыркүйек айында тілдер апталығы өтті. Өткізілетін іс-шаралар кестесі құрылып, жоспар бекітуге ұсынылды. «Тілдер апталығына» 1-4 сынып оқушылары «Тілім тірегім» көрмесіне ребус, сөзжұмбақ құрастырды. Барлық оқушылар белсенді қатысты, апта соңында сайыс жеңімпаздарын марапатталды.
Сынып жетекшілер өз сыныптарының оқу-білім, дағдыларын үнемі тексеріп отырады. І жартыжылдықта 1 сыныпқа баға қойылмайды. Оқу білім дағдылары жақсы қалыптасып келеді. Оқуға деген бейімділігі, ынтасы өте тамаша.
Оқушылардың күнделіктері, жазба жұмыс дәптерлері, күнделікті жұмыс дәптерлері үнемі тексеріліп отырылады. Білім сапасын арттыру мақсатында, мұғалімдердің сабақ өту дәрежесін көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Сабақты нашар үлгеретін оқушыларды тізімге алып, сынып жетекшісі, пән мұғалімі баланың ата-анасымен тығыз байланыс орнатып, қадағалауда. Сынып жетекшілер жеке жұмыстар жүргізіп отырады.
Ұстаздар жыл бойына республикалық, облыстық, аудандық газет-журналдарға, әдістемелік журналдарға жазылып, өз тәжірибесімен бөліседі.
Қызылащы орта мектебінің бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде 7 мұғалім қызмет етеді.
Қызылащы орта мектебінда Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29326 болып тіркелді.
Қысқа мерзімді сабақ жоспар, ұзақ мерзімді жоспар және жиынтық бағалау жұмыстарының талдау жұмыстарымен таныстырылды. Оқу ісі жөніндегі орынбасар Г.Жаксыбаева талдау жұмыстарын жүргізіп, 2022-2023 оқу жылындағы құжаттардың тізбесімен таныстырып өтті. Өткізілген жұмыстар туралы мәліметтер әлеуметтік желіге салынды.
2022 жылдың 19 қазан күні Қызылащы орта мектебінің жанына ұйымдастырылған шағын орталық тәрбиешілері мен мектепалды даярлық мұғалімдерімен мектепке дейінгі ұйымдарды тәрбиелеу мен білім беру процесін реттейтін НҚА /стандарт, үлгідік оқу жоспары, үлгілік оқу бағдарламасы/